Атырау, 22 қараша 12:04
 ашықВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Еурокомиссия бірқатар елдердің авиакомпаниялары «қара тізімнен» шығуы үшін реформаларға қолдау көрсетуге дайын

1 486 просмотра
 
БРЮССЕЛЬ. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат - Еурокомиссия бірқатар елдердің авиакомпаниялары «қара тізімнен» шығуы үшін реформаларға қолдау көрсетуге дайын.

Бұл туралы Еуроодаққа ұшуға тыйым салынған, әуекомпаниялардың жаңартылған «қара тізіміне» байланысты Еурокомиссияның жариянған мәлімдесінде айтылған, деп хабарланды басты еуропалық атқарушы органның баспасөз қызметінен.

«Еурокомиссия азаматтық авиацияны, соның ішінде халықаралық қауіпсіздік стандарттарын тиімді және кезең-кезеңімен енгізуге кепілдік беру мақсатында қауіпсіздікті арттыру жөніндегі жүйені реформалау бойынша Арубаның, Индонезия, Ливия, Қазақстан, Қырғызстан, Мадагаскар, Филиппин және Ресейдің ұшулардың қауіпсіздігі бойынша құзырлы органдардың күш-жігерін мойындайды», - делінген Еурокомиссияның таратқан хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) аудитінің ескертпелерін жою және қазақстандық әуе компаниялардың Еуропалық одаққа мүше елдерге ұшуға қойылған шектеулерін алып тастау туралы ведомствоаралық іс-шаралар жоспарын бекітті.

ИКАО-ның 2009 жылдың шілдесінде жүргізген аудитінің нәтижесінде «Эйр Астана» АҚ-дан басқа,  қазақстандық қалған 59 әуе компания Еуроодақтың «қара тізіміне» енгізілді. Қазіргі уақытта 59 әуе компанияның 37-сі «қара тізімде» тұр.

Дереккөз: inform.kz

5 желтоқсан 2012, 10:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.