Бүгін Талдықорған қалалық сотында «Арқанкерген» бекетінде қызметтестерінің өліміне айыпты шекарашы Владислав Челахтың ісі бойынша сот процесі жалғасуда.
Естеріңізге сала кетейік, 30 мамырда "Арқанкерген" бекетінен жанып кеткен 13 шекарашының мәйіттері табылды. Кейін тағы бір сарбаздың мүрдесі және шекара бекетінен алыс емес жерден орманшының өлі денесі табылды.
Қызметтестерінің өлімін мойнына алған, тірі қалған шекарашы В. Челахқа 9 бап бойынша айыптар тағылды. Атап айтқанда, «Екі немесе одан да көп адамды өлтіру», «Адамның жеке затын қолды ету», «Құпия материалдарды қымқыру», «Қару ұрлау», «Заңсыз қару алып жүру, «Әскери мүлікті қирату», «Қашқындық» және «Өзгенің үйіне заңсыз баса-көктеп кіру».
Дереккөз: inform.kz