Атырау, 10 қазан 15:28
 бұлттыВ Атырау +15
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

Қазақстанда 27-ші республикалық ерекше қорғалатын табиғи аумақ құрылды

6 322 просмотра

Қазақстанда «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерваты құрылды. Бұл еліміздегі жиырма жетінші республикалық ерекше қорғалатын табиғи аумақ деп мәлім етті ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен брифингте ҚР АШМ Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің төрағасы Ерлан Нысанбаев.

«Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерватын құрудың мақсаты – Орталық Қазақстанның далалық және шөлді экожүйесінің бірегей биологиялық әр түрлілігін сақтау болып табылады. Резерват аумағына киіктер мекен етіп, төлдейтін әлемдегі ең ірі негізгі жер кіреді. «Алтын дала» резерваты бұл популяциядағы киіктерді жыл бойына қорғауды қамтамасыз етіп, олардың санын арттыруға мүмкіндік береді. Бүгін біз 2 млн гектар жерді қамтып отырмыз. Бұл Еуропадағы мемлекеттің аумағына жақын», - деп атап өтті Нысанбаев.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақ Қостанай облысының Жангелді және Амангелді аудандарындағы қордағы жерде құрылған. Оның аумағы 489 766 гектарды құрайды.

«Бұл аумақта 370-тен астам өсімдік түрі бар. Оның 23-і сирек санатқа кіреді. Омыртқалы жануарлар фаунасы сүтқоректілердің 57, құстардың 275, қосмекенділердің 4 және балықтың 9 түрін қамтиды. Мұнда сондай-ақ Қазақстанның ең ірі тұйық өзен бассейні (Торғай және Улы- Жыланшық өзендері) мен бірегей көлдер жүйесі бар. Сонымен қатар резерват аумағы қызыл кітапқа енгізілген Прежевальск жылқылары мен құландарды жерсіндіру жөніндегі бағдарламаны іске асыру үшін пилоттық учаске болып табылады»,- деді комитет төрағасы.

Дереккөз: bnews.kz

4 желтоқсан 2012, 17:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.