Арқанкерген» бекетінде өрттен зардап шеккен ғимаратты қалпына келтіруге 7 млн 810 мың 988 теңге қажет. Бұл туралы бүгін Талдықорғандағы сот отырысында судья Ербол Ахметжанов мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Владислав Челах ісі бойынша сараптама қорытындысын жариялаған судья: «Арқанкерген» бекетіндегі өрттен зардап шеккен ғимаратқа жөндеу жүргізуге 7 млн 810 мың 988 теңге қажет болуы мүмкін», деді.
Естеріңізге сала кетейік, қазір Талдықорғанда Владислав Челахтың ісі бойынша басты сот отырысы өтуде. Бүгін сотталушыға құпия құжаттарға рұқсаты бар адвокат берілді. Бұрынғы шекарашыға ҚР Қылмыстық кодексінің 9 бабы бойынша айып тағылуда, оның кейбірін ол отырыстың бірінші күні мойындады. Дегенмен қорғаушы тарап Челах қызметтестерін өлтіргені туралы айыпты мойындамайтынын жеткізді.
Дереккөз: bnews.kz