Атырау, 22 қараша 12:25
 ашықВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Түркияда спортшы қыздардың хиджаб киюіне салынған тыйым алынып тасталды

2 564 просмотра

Түркияның Спорт министрлігі спортшы қыздардың хиджаб киюіне салынған тыйымды алып тастады. Бұл жөнінде сейсенбі күні түрік Ресми газеті хабарлады (Resmi Gazete).

Осылайша, спортшы қыздар жарыстар мен жаттығуларға хиджаб киіп қатыса алады. Trend-тің жазуынша, тыйым алынып тасталғаннан кейін спортшы қыздар өздерінің хиджабпен түскен фотосуреттерін тіркеу рәсімдері барысында да пайдалана алады.

Соңғы кезде Түркия үкіметі хиджаб киюге қатысты құқықтарды кеңейтуде. Осылайша, бүгінде қыздар университеттер мен мектептерге хиджаб киіп бара алады.

Дереккөз: bnews.kz

4 желтоқсан 2012, 16:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.