Атырау, 22 қараша 19:50
 ашықВ Атырау +2
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

«Халифат сарбаздарынан» Қазақстанға қауіп бар

2 049 просмотра

Ұлттық қауіпсіздік комитеті елімізде тыйым салынған лаңкестік ұйым «Халифат сарбаздарының» қызметін бейтараптандыру бойынша кешенді жедел шаралар қабылдап жатыр.

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысы барысында ҰҚК төрағасының орынбасары Қабдулкәрім Әбдіқазымов мәлім етті.

«Халифат сарбаздары» қатарында біздің азаматтарымыздың, біздің елден шыққан азаматтардың болуы, сондай-ақ ондай адамдардың біздің елімізде терракт жасауға бағытталып отыруын есепке ала келе, біз осы бағыттан келетін қауіпті нақты бар деп санаймыз. Бұл ретте арнайы қызметтің міндеті ондай қатерлерді барынша төмендету, елімізде бұндай ұйым мен оның ұстанған бағытын кеңейтуге жол бермеу болып табылады. Жедел жоспар бойынша біз осыны атқарып та жатырмыз», - деп атап өтті сенаторлар тарапынан қойылған сауалға жауап берген ҰҚК төрағасының орынбасары.

 Оның айтуынша, былтырғы жылы Атырау қаласындағы әкімдік пен аудандық прокуратура ғимаратының маңында жасалған жарылысты «Халифат сарбаздары» өз жауапкершілігіне алған.

«Оның эмиссарлары біздің еліміздің аумағына енген жоқ, алайда, республика аумағында жекелеген адамдармен байланыс орнатқан және сол адамдар әлгі лаңкестік әрекетті жүзеге асырған», - деді Қ. Әбдіқазымов.

Дереккөз: ҚазАқпарат

4 желтоқсан 2012, 16:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.