«I love president» деген жазуы бар көк майка киген студент қыздар, көгілдір жалауларын бұлғаған жас бозбалалар, фотокамералардың жарқылы мен ұлттық билер – АМУ-де өткен «Патриоттар слетінде» (ресми атауы) Президент күнін осылайша атап өтті.
Салтанатты жиынға көп адам: жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарының студенттері, оқытушылар жиналды. Сандалып бос жүргендерді тұнжыраған күзет қызметкерлері шығарып жіберді. Жиында облыс әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ сөз сөйледі. Одан кейін тағы да көп адамдар сөз алып, негізінен гүлдену, жасампаздық, тұрақтылық туралы жалынды сөздер айтылды.
«АЖ» АНЫҚТАМАСЫ. Өткен жылдың 10 желтоқсанында парламент сенаты «ҚР мерекелері туралы» заңға түзетулер енгізіп, мерекелер тізіміне 1 желтоқсанды – Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті күнін қосқан еді. Биыл ол алғаш рет тойланып отыр.
Анастасия ПАСТУХОВА