29 қарашада Атырауға Италиядан біздің өткен басылымдарымыздың кейіпкері Орландо ИЕЦЦИ (АЖ, №30, 26.07.2012 ж. - «Итальянша «ойыншық» мақаласын қараңыз) ұшып келді. Сот шешімімен ол 30 қарашадан бастап өзінің бұрынғы жұмысы «Аджип» ҚКО компаниясының супервайзерлігі қызметіне кірісті. Естеріңізге сала кетсек, «АЖ» газетіндегі сол мақаланың шығу сәтінде ол Аджип ҚКО-дан жұмыс уақытынан тыс мезгілде өз қозғалысы еркіндігі құқығын қорғау әрекеті үшін жұмыстан шығарылған болатын. 15.10.12 күнгі Атырау қалалық сотының шешіміне жүгінсек, жұмыс беруші (Аджип ҚКО) шағымданушы Орландо Иецциге еңбек шартын бұзу туралы хат жіберген, алайда бұл бұзуды ҚР Еңбек Кодексінің 62-бабы талаптары бойынша қандайма бір бұйрықпен немесе өкіммен заңдастырмаған. Аталған бапқа сәйкес, еңбек шартын тоқтату, өлімнен басқа жағдайларда, жұмыс берушінің актісімен рәсімделуі тиіс. Осындай жұмыстан босату туралы бұйрық жоқ болғандықтан, шағымданушы бұрынғы жұмысында қалуы керек, - деп сот шешім қабылдады. Яғни, О. Иецциге жұмысқа қайтадан қабылдануы үшін ешқандай да шешім (сот тарапынан да, «Аджип» ҚКО әкімшілігі тарапынан да) керек емес. Тек әрі қарай жұмысын жалғастыра беру керек. Жақында өткен облыстық соттың апелляциялық комиссиясының отырысында судья Марина Черняховская бірінші тарап сотының шешімін күшінде қалдырды. Әуежайда қарсы алғандарға:
– Мен Атырауға келгеніме және қазақстандық достарыммен кездесетініме өте қуаныштымын, - деді Орландо
Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА
Суретті түсірген автор