Судья Е.Ахметжанов. Фото Руслан ҚАНАБЕКОВТІКІ, BNews.kz. Талдықорғандағы сот отырысында сотталушы Владислав Челахтың сот-медициналық сараптама нәтижелері жарияланды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Судья Ербол Ахметжановтың сөзіне қарағанда, Челахтың қан, несеп және сілекей талдауы бойынша оның организмінен қандайда бір психотроптық және есірткі заттары табылмаған.
Естеріңізге сала кетейік, бүгінде Талдықорғанда Владислав Челахтың ісі бойынша басты сот отырысы өтуде. Бүгін сотталушыға құпия құжаттарға рұқсаты бар адвокат берілді. Бұрынғы шекарашыға ҚР Қылмыстық кодексінің 9 бабы бойынша айып тағылуда, оның кейбірін ол отырыстың бірінші күні мойындады. Дегенмен қорғаушы тарап Челах қызметтестерін өлтіргені туралы айыпты мойындамайтынын жеткізді.
Дереккөз: bnews.kz