Қазақстанда сатылатын барлық жаңа көліктердің 50 пайызы үш қаланың: Алматы, Астана және Атыраудың үлесіне тиеді. Жаңа жеңіл көліктер нарығына талдау жасаған кезде «Қазақстан көлік бизнесі қауымдастығының» сарапшылары осындай қорытындыға келді.
УАЗ АУЫЛДА БАҒАЛЫ
Көліктердің ең көп саттық көлемі Алматының еншісінде: бұл жерде 2012 жылдың қазанында 2 460 көлік сатылған (бүкіл нарықтың 24,99 пайызы). Астананың үлесі 16 пайыздан сәл астам– 1 576 көлікті құрайды. Көш басындағы үштікті Атырау өңірі аяқтайды – 873 көлік (8,87%).
Сатып алушылардың жаңа көлік алғанды жөн көретіндігі, жергілікті автодиллерлердің пікірінше, заңды құбылыс екен.
– Бұған жеңілдіктердің икемді жүйесі, рәсімдеу процесі бірер күннен аспайтын банктік несиелердің қолжетімдігі себепші болып отыр. Оған қоса, бұрын қолданылған көліктердің құны жоғары болып отыр, – дейді біздің Mitsubishi, Suzuki, Volkswagen және Audi секілді көлік брендтерін ұсынатын«Меркур» ЖШС саттық бөлімінің менеджері Петр ПИЛИПЕЦ. «Бюджеттік» модельдер мен орташа топқа арналған көліктерді несиеге де, толық төлеп те алып жатыр. Қымбат үлгілерді 80%жағдайда несиеге алады. Жергілікті «Меркур» филиалы өткен жылмен салыстырғанда саттық көлемі 40-50 пайызға өскенін атап өтті. Атырауда MitsubishiOutlander пен MitsubishiASX ерекше сұраныста екен.
«БИПЭК-Авто» ЖШС АФ директоры Дәурен БИСЕНОВ мойындағандай, фирма үшін игі уақыт басталған. Сатып алушылар қолданылған шетелдік көлік маркалары мен жаңа өнімдердің бағаларын салыстырып, жаңасын сатып алуға таңдау жасайды екен. Анағұрлым кең тараған Kia Sportage, Kia Soul, Kia Sorento, Kia Mahave, Kia Cerato, Skoda Yeti, Skoda Octavia, Chevrolet Captiva, Chevrolet Cruze, Chevrolet Aveo маркаларына кезек көп көрінеді.
– Адамдар көлік салонынан жаңа машиналар сатып алатындай жағдайға жеткен, мұнда қосымша кепілдік қызметі көрсетіледі, – дейді Д.Бисенов. Содан соң «кепілдік» мерзімдері әртүрлі екенін атап өтті. Жаңа Kia қожайындарына 5 жыл, «Ваз» көліктеріне 3 жыл, Skoda-ға 2 жыл бойына және т.б. тегін қызмет көрсетіледі екен. «БИПЭК-Авто»-ның өзінің мақсаттық тобы бар: бұлар аудандардағы сатып алушылар. Олар ауыл жолдарының ерекшелігін ескеріп, ВАЗ, УАЗ, азиялық әдіспен құрастырылған Kia және Skoda, Chevrolet көліктерін сатып алатын көрінеді.
РЕКОРДТАР КІТАБЫНДАҒЫ МАШИНА
Егер орташа және анағұрлым салқын климатты қалаларда сатылымның шырқау шегі жазда болса, Атырауда, керісінше, көлікті сатып алу және ауыстыруға қатысты бүкіл шаруаны адамдар ыстық басталмас бұрын аяқтауға тырысады немесе күзгі уақытқа қалдырады. Реңін таңдауда да атыраулықтардың климаттық жағдайға сәйкес өз ерекшеліктері бар. Басқа өңірдегі сатып алушылар «жарнама түсті», яғни, промо-роликтерде ұсынылған көліктерді қуана-қуана сатып алады. Ал біздің адамдар қолайлылыққа жүгінеді: атыраулық сатып алушылардың тізімінде ақ түсті көлік бірінші орында тұр, одан соң қара түсті, содан кейін барып басқа түсті көліктер сап түзеген.
«Toyota центр Атырау» Гиннестің рекордтар кітабына әлемдегі ең көп сатылатын үлгі ретінде енген Toyota Corollaны ұсынады. «Toyota центр Атырау» менеджері Анжелика КОШЕЛЕВАНЫҢ айтуынша, атыраулық көлік әуесқойлары да оның артықшылығын бағалаған. Оған әрдайым да сұраныс бар екен. Toyota Corolla әйелдерге қол емес деген пікірге қарамастан, оны бүкіл отбасы үшін сатып алады. Ал Toyota RAV-4шынымен де нәзік жандылар үшін сатып алынады немесе оны әйелдердің өздері сатып алады. Toyota Camry 50сатылым хиті боп табылады. Осы үлгілердің кең таралуы есебіннен біздің облысымыз саттық бойынша көш басында тұр.
– Жаңа көлік пайдалану шығындарын аз қажет етеді, әрі қарай ол көлікті сату оңай болады, - деп түсіндіреді біздің адамдардың көліктерді жаңадан алуға ұмтылыстарын облысымызда оңтүстік кореялық өндірістегі Hyundai, SsangYong және Subaru көліктерін сатумен айналысатын «Жанэль» ЖШС саттық бөлімінің бастығы Дина ГАЛЫГИНА. Баға жағынан қолжетімдігі арқасында Hyundai Accent пен Hyundai Elantraға қашан да сұраныс бар. Клиент те зауыттан көліктің жеткізілуін 1 айдан 3 айға дейін күтуге дайын.
Зульфия ИСКАЛИЕВА