Атырау, 22 қараша 19:52
 ашықВ Атырау +2
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Қазақстанда азық-түлік тауарларының бағасы 4,8%-ға өсті

2 307 просмотра

 2012 жылғы қарашада азық-түлік тауарларының бағасы 2011 жылғы қарашамен салыстырғанда 4,8%-ға өсті, деп хабарлайды ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметі.

«2012 жылғы қарашада 2011 жылғы тиісті аймен салыстырғанда баға балық және теңіз өнімдеріне 6%, макарон өнімдеріне – 5,9%, тоқаш және ұн өнімдеріне – 5,8%, кофе, шай және какаоға – 5,3%-ға, кондитерлік өнімдерге, алкогольді ішімдіктерге – 4,8%-дан, ұнға – 4,4%, сүт өнімдеріне – 3,6%, жемістер мен көкөністерге – 3%, нанға – 2,3%-ға өсті. Бағаның төмендеуі жармаларға 29,1%, қантқа – 6,6%, май және тоң май – 2%-ға байқалды», деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Аталған кезеңде ет және ет өнімдері бағасының өсімі 9,9% құрады. Шошқа етіне баға деңгейі 13,3%, жылқы етіне – 12,4%, қой етіне – 11,7%, сиыр етіне – 11,4%, шұжық өнімдеріне – 5,7%, құс етіне – 5,6%-ға жоғары болды.

Дереккөз: bnews.kz

4 желтоқсан 2012, 13:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.