Атырау, 22 қараша 12:55
 ашықВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Солтүстік Корея қауіпті зымыранды ұшыруды жоспарлауда

2 546 просмотра
Солтүстік Корея қауіпті зымыранды ұшыруды жоспарлауда

Оңтүстік Кореяның билік өкілі Ким Хен Сук «Солтүстік Кореяның зымыран ұшыру жоспары - қасақана арандату» деген мәлімдеме жасап отыр.

Солтүстік Корея таяуда спутник жіберетінін Жапонияға ескерткен. Зымыранның ұшырылуы 10-22 желтоқсан аралығында өтпек. Корей Халық Демократиялық Республикасы ғарыш алаңында зымыранды орнатуға кіріскен. АҚШ-тың мемлекеттік департаменті Солтүстік Корея билігін халықаралық міндеттерге сәйкес, алыс қашықтықтыққа зымыранды ұшырудан бас тартуды сұрады. Америкалық органның ресми өкілі Виктория Нулландтың мәлімдеуінше, бұл зымыранның ұшырылуы аймақтағы қауіпсіздік және бейбітшілікке қауіп төндіруі мүмкін.

Дереккөз: 24 KZ

4 желтоқсан 2012, 11:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.