Император Наполеон Бонапарттың Мәскеу кремлін жарып жіберу ниеті туралы хабарланған шифрлы хаты Францияда саудада €187,5 мыңға сатылды, деп жазады Газета.ru, Associated Press-ке сілтеме жасап.
Цифрлы код көмегімен шифрланған хат жолдарының бірінде «22-сі күні (қазан болуы мүмкін: себебі хат осы айдың 20-сында жазылған – «Газета.Ru») таңғы сағат үште мен Кремльді жарып жіберемін» деп жазылған.
«Бұл хат мәні жағынан бірегей құжат болып табылады. Коды үшін ғана емес, біз мұнда Наполеонды алғаш рет басқа қырынан танимыз. 1812 жылы ол өзінің нағыз қуатты шағында Мәскеуге басып кіріп, ойсырай жеңіліп қайтты», — деп атап айтты сауда алдында аукцион үйінің өкілі.
2012 жылы 1812 жылғы Ресей мен наполеондық Франция арасындағы Отан соғысының аяқталғанына 200 жыл толды. Соғысқа Ресейдің құрлықтық оқшаулануды белсенді қолдаудан бас тартуы себеп болды, мұны Наполеон Ұлыбританияға қарсы басты қару деп санаған болатын.
Дереккөз: bnews.kz