ҚТЖ, Альстом және Трансмашхолдинг Астанада жаңа электровоз құрастыру зауытын ашты. Ашылу рәсіміне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі
Зауытты ашу аясында ҚР Президентіне отандық өндірістің KZ8A алғашқы жүк электровозы көрсетілді.
Электровоздар теміржол тасымалдарының қуатты және сонымен қоса экологиялық таза локомотив қызметі қажеттіліктерін қанағаттандырады. Жоғары өнімділігімен қатар, жаңа машина пайдалану кезінде ең аз экологиялық жүктеме бере отырып, «жасыл» экономика талаптарын толығымен қанағаттандырады. Бүгінгі күні бұл 9 мың тоннаға дейін жүк тартуға қабілетті әлемдегі ең қуатты локомотив, бұл ҚР-да тасымалданатын көмір, мұнай өнімдері және т.б. сияқты ауыр салмақты жүктердің сипаттамасы есебімен өте маңызды болып табылады. Электровоз -50-ден +50-ге дейінгі температурадағы төтенше ауа райы жағдайында жұмыс жасай алады. Локомотив машинистке қысқа толқынды пешпен, тоңазытқышпен, жылы еденмен, аяққа арналған тіреуіш пен жылытылатын ыңғайлы орындықпен жабдықталған үлкен кабина есебінен ұзақ жолға қолайлылықты қамтамасыз етеді.
Локомотив қазіргі уақытта Ресейде сертификатталуда, 2013 жылдың қаңтарында Қазақстанда динамикалық сынақ басталады.
«Электровоз құрастыру зауыты» жылына 50 екі секциялы электровоз әзірлей алады. Локомотивтердің жаңа үлгісі Қазақстан, ТМД және Балтық елдерінің нарығы үшін «Альстом Көлік» (Франция) компаниясымен арнайы жобаланған.
Зауыт 3 компанияның 11,2 млрд. теңге көлеміндегі инвестицияларының арқасында салынды және біріккен кәсіпорынмен басқарылады, онда ҚТЖ, ТМХ және Альстом тиісінше 50%, 25% және 25% акцияларға ие.
Өндірістік ғимараттардың жалпы ауданы 27 522 шаршы метрді құрайды. Жоспарға сәйкес өндіріс 2013 жылғы қарашада басталады және 2016 жылға қарай локомотивтер шығару көлемі үдемелі шағына жетеді.
Бірінші кезеңде зауыт жалпы құны 1,3 млрд еуроны құрайтын 200 жүк және 95 жолаушылар электровозына ҚТЖ тапсырысын орындайтын болады. Әріптестердің соңғы мақсаты пайдаланылу шеңберін кеңейту және көршілес елдердің локомотив нарығына шығу болып табылады.
Дереккөз: bnews.kz