Атырау, 22 қараша 12:07
 ашықВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Қырғызстан 2014 жылға қарай Кедендік Одаққа кіру жөніндегі барлық құжаттарды рәсімдейді

1 884 просмотра

Қырғызстан үкіметі 2014 жылға дейін Кедендік Одақ құрамын кіру үшін барлық құжаттарды рәсімдердеуді аяқтайды. Бұл туралы Жоғарғы Кенештегі бюджет және қаржы комитеті отырысында Қырғызстан Республикасы экономика министрі Темір Сариев айтты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Оның сөзіне қарағанда, қазір елде жол картасы дайындалған. Қырғызстан барлық қажетті құжаттарды, оның ішінде ұлттық заңнаманың Кедендік Одақ келісімшарттық-құқықтық базасына сәйкестігі туралы талдау, нормативтік құқықтық актілер мен халықаралық келісімшарттар және басқа да құжаттар ұсынады.

Қырғызстан Республикасы Кедендік Одақ мүшесі болуы үшін жетпіске жуық халықаралық келісімшарттарды ратификациялауы тиіс. Оның ішінде 40-қа жуығы КО тікелей байланысты құжаттар.

Дереккөз: bnews.kz

4 желтоқсан 2012, 09:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.