Атырау, 5 желтоқсан 08:56
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Әлемдегі жоғары жылдамдық тіркелген мұз айдыны Астанада

2 100 рет қаралды
Әлемдегі жоғары жылдамдық тіркелген мұз айдыны Астанада

Астанадағы «Алау» мұз айдыны сарайы коньки тебуден әлемдегі ең жоғарғы жылдамдықтар тіркелген 10 спорттық кешен қатарына ілінді.

1-2 желтоқсанда өткен коньки тебуден әлем кубогының 3-кезеңінен кейін осындай шешім қабылданды. Додада 26 жеке, 4 ұлттық және 3 әлем рекорды тіркелген еді. Голландиялық сәулетші Бертус Баттер негізін қалаған спорт сарайының көлемі 9500 шаршы метрді құрайды. Сегіз мыңға жуық көрермен сыятын кешен әлемдегі жоғары жылдамдық тіркелген мұз айдыны арасында 6-орынға шықты.

Дереккөз: 24 KZ

3 желтоқсан 2012, 21:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.