Атырау, 1 шілде 03:54
 дождьВ Атырау +16
$ 480.72
€ 548.07
₽ 6.14

Украина үкіметі отставкаға кетті

1 761 рет қаралды
Украина үкіметі отставкаға кетті

Украина үкіметі отставкаға кетті. Ресейдің «РИА Новости» ақпарат агенттігі Президент Виктор Янукович ел премьер-министрі Николай Азаровты қызметтен босату жөнінде жарлыққа қол қойды деп хабарлап отыр.

Бұл – министрлер кабинеті де толықтай отставкаға кетеді деген сөз. Әйтсе де, белгіленген құжатқа сәйкес, бүгінгі Үкімет жаңа құрам қалыптасқанша өз жұмысын жалғастыратын болады. Естеріңізге сала кетейік, 28-қазан күні Украинада парламенттік сайлау өткен болатын. Бірқатар министр саяси додаға түсіп, парламенттің жаңа құрамына өтті.

Дереккөз: 24.kz

3 желтоқсан 2012, 21:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.