Атырау, 10 желтоқсан 15:58
 бұлттыВ Атырау -4
$ 510.08
€ 539.61
₽ 5.15

Адвокаттарға арналған үй

2 357 просмотра

1 желтоқсанда облыстық адвокаттар алқасы Молдағалиев көшесіндегі жаңа кеңсесін таныстырды.

Ұзақ уақыт бойына бұл мекеме бейімсіз ғимараттарға көшіп-қонып жүрген болатын, ал соңғы жылдары Авангардтағы 3 бөлмелі пәтерді паналаған. Бүгінде Атырау облысында 100-ден астам адвокат тіркелген.

Кабинеттерден бөлек жаңа ғимаратта үлкен конференц-зал бар. Біз алқа төрайымы Айсұлу ОМАРОВАДАН қандай жағдайда тергеуге алынған тұлғаға және айыпталушыға адвокаттың тегін қызметі көрсетілетінін еске салуды өтіндік:

– Егер адам материалдық жағдайына байланысты өз адвокатын жалдай алмаған жағдайда көрсетіледі. Халық арасында оларды «полиция адвокаты» деп жаңсақ қабылдайды. Бірақ іс жүзінде бұлар кезекшілік кестесі бойынша осы қызметтерді көрсететін алқа адвокаттары, кестені біз құқыққорғау органдарына жолдап отырамыз. Төлемақы республикалық бюджеттен төленеді. Бұдан басқа, біздің адвокаттар халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына: 1-2 топ мүгедектеріне, аз қамтылған жандарға және т.б. тегін кеңес береді. Бұл қызметтердің ақысын да мемлекет төлейді.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суретті түсірген автор

3 желтоқсан 2012, 15:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.