Атырау облыстық ТЖД хабарлағандай, 1 желтоқсан күні таңертең «112» тетігіне қалаға оралған екі аңшыдан қоңырау келіп түскен. Олар жолдастарының мүрдесін арқалап келіпті.
Ер адамдар Мақат ауданының Ескене учаскесінің теңіз жағалауындағы қамыс арасында адасып кеткен көрінеді. Олар қамыс арасында тағы екі адамның қалғанын хабарлады.
7 сағат 50 минутта адасқан жандарды іздеуге құтқарушылар мінген УАЗ көлігі жіберілді. Сағат 10-да бортында құтқарушылар мен медиктері бар Ми-8 тікұшағы ұшып шықты. 13 сағат 10 минутта әуедегі іздеу командасы екі адамның мүрдесін тапты. Аңшылар суықтан тоңып қаза тапқанға ұқсайды.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ