Атырау, 22 қараша 12:16
 ашықВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Башар Асад Дамаскіден Мәскеуге қашты

1 790 просмотра
АСТАНА. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желілер мен араб блогтарында, соның ішінде Twitter шағынблогтарында жақында Сирия президенті Башар Асадтың Мәскеуге қашқаны туралы қауесет сөз таралды.

Араб дереккөздері сириялық билік өкілдері Дамаск халықаралық әуежайына кіреберіс жолдарына бақылауды қалпына келтіргені туралы хабарлағанға дейін Асадтың (немесе «өте жоғары қызметтегі тұлғаның») Мәскеуге ұшып шыққаны жөнінде ақпарат таратты, деп хабарлайды Росбалт.

Twitter желісінде Дамаск қаласынан Мәскеудің «Внуково» әуежайына ұшып шыққан «Сирия әуе жолдарының» А320 аэробусы жөнінде жазылған. Түркияның әуе кеңістігіне кірмеу үшін ұшақ Кипрдің, грекиялық аралдар, Румыния және Молдавия үстімен өтті, деп жазады NEWSru.co.il.

Хабарлама авторлары сілтеме жасаған дереккөздердің арасында - катарлық «Әл-Жазира» телекомпаниясы, «Хизбалла» иелігіндегі «Әл-Манар» телеарнасы, сондай-ақ араб дереккөздеріне сілтеме жасаған израильдік Rotter.net сайты бар.

Естеріңізге сала кетейік, Сирияда 2011 жылдың наурыз айында туындаған шиеленіс оппозиция мен үкімет күштері арасындағы қарулы қақтығыстарға ұласты. Сириялық дереккөздер елде әрекет етіп отырған үкіметке қарсы күштер сырттан көмек алып отырғанын мәлімдейді. Қазіргі уақытта, БҰҰ мәліметтерінше, елде 30 мыңнан астам адам зорлық құрбандарына айналды.

Дереккөз: inform.kz

 

2 желтоқсан 2012, 15:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.