Ресейге G20-ға төрағалық Мексикадан ауысты, деп хабарлады РБК.
G20-ға кіретін экономикалар әлемдік ішкі жалпы өнімнің 90 пайыздан астам өндіреді, олар әлемдік сауданың 80 пайызын иеленеді. G20-ға Ресей, ЕО, Аргентина, Австралия, Бразилия, Ұлыбритания, Германия, Үндістан, Индонезия, Италия, Канада, Қытай, Мексика, Сауд Арабиясы, АҚШ, Түркия, Франция, ОАР, Оңтүстік Корея және Жапония кіреді..
G20 форумының төрағасы аталған мемлекеттер көшбасшыларының кездесуін әзірлейді және қабылдайды, әлемдік экономикаға қатысты қабылданатын шешімдерді келіседі.
Ресейдің G20-ға төрағалығы ауқымында қаржы министрлерінің кездесуіне және шерпке 2013 жылы 5 млрд. рубль қарастрылған. Ресейдің G20-дағы шерпі Ксения Юдаеваның нақтылауынша, 2013 жылы «үлкен жиырмалық» елдерінің қаржы министрлері мен Орталық банк басшыларының төрт кездесуі, сондай-ақ шерптің алты кездесуі өтеді. Бұл шаралар негізінен Санкт-Петербор мен Мәскеуде өтеді.
Ресейлік «жиырмалық» форумының басты іс-шарасы 2013 жылы 5-6 қыркүйек күндері Санкт-Петербордағы Константинов сарайында өтетін мемлекет басшыларының саммиті болмақ.
Дереккөз: inform.kz