Атырау, 12 қазан 15:51
 ашықВ Атырау +12
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

АҚШ Жапониядан қомақты қаржы бөлуін талап етуде

1 586 просмотра

АҚШ Жапониядан мұхиттағы тұрмыстық, шаруашылық қалдықтарды тазалауға 5 млн АҚШ доллары көлемінде қаржы бөлуін талап етті.

Өткен жылғы жер сілкінісі мен Тынық мұхиттағы цунами салдарынан Жапониядан шыққан қоқыстар мұхит арқылы Канада мен АҚШ-тың жағалауына жеткен. Жергілікті тұрғындар болса, бұл туралы ғаламтор желісінде өз наразылығын білдіріп, пікірлерін қалдырды. Айта кетейік, өткен жылы Жапонияның солтүстік-шығысында қуаты 9 балдық дүмпу тіркелген. Тынық мұхитындағы толқын биіктігі 30-40 метрге дейін жетті. Алапат апат Жапония тарихында «Зор жер сілкінісі» деген атқа ие болды. Табиғаттың тосын мінезінен жиырма мыңға жуық жапондық көз жұмды.

Дереккөз: 24.kz
 

1 желтоқсан 2012, 20:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.