Атырау, 25 сәуір 12:15
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Президент халықтың қолдауына алғыс білдірді

2 120 просмотра

АСТАНА. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат - Мені қолдап жүрген халқымнан айналайын! Бұл туралы бүгін Астана-Арена стадионындағы «Бір Отан! Бір тағдыр! Бір Елбасы!» спорттық бұқаралық акция барысында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

«Осы жылдардың ішінде жетістіктерді жасаған қазақстандықтар сіздерсіздер. Біз сіздерге қызмет ететін адамдармыз. Қорғап, қолдап, бірнеше мәрте сайлап, басына көтерген халқымнан айналайын! », - деді Елбасы.

Президент бүгінгі мерекемен шын жүректен құттықтай келе, «Менің атыма айтылып жатқан жақсы сөздерге ризашылығымды білдіріп, рахметімді айтамын. Бүгін жай күн емес, әрине алғаш Президент - ол мен. 1991 жылы тұңғыш рет мен сайланған болатынмын. Бірақ, мәселе онда емес. Қазақ халқы өзінің тарихында тұңғыш рет тәуелсіз ел болып, өзінің Көшбасшысын сайлады. Сол сенімнің арқасында мен Қазақстанның тәуелсіздігін жариялап алдым. Әйтпесе ол болмас еді. Негізгі мәселе содан шықты. Халық маған жауапкершілік артып, иығыма сенімдерін жүктеді. Осы шаруаны алға қарай алып жүруге міндеттеді. Сондықтан мен тек қана халықтың тапсырмасын орындаған адаммын», - деп түйді Н. Назарбаев.

Дереккөз: inform.kz
 

1 желтоқсан 2012, 18:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.