Атырау, 14 маусым 22:19
 бұлттыВ Атырау +26
$ 511.92
€ 588.91
₽ 6.44

200 қоқыс үйіндісі қалды

2 245 рет қаралды

Көрнекі сурет, "АЖ" мұрағатынан алынды

29 қарашада қалалық әкімдікте көшелерді санитарлық тазалау жөніндегі екі айлықтың қорытындысы жасалды.

Қала әкімінің орынбасары Әділбек НҰРЛЫҒОЖИЕВ бұрын  №1 емхана маңындағы аумақ қаладағы ең лас аумақ деп саналғандығын, енді оның тазартылғанын атап өтті. Ол сондай-ақ, Жилгородок көшелерін қоқыстан тазартқаны үшін «Атырау Су Арнасы» КМК ұжымын мақтады.

Қалалық СЭС бастығы Темірбек МҰСАҒАЛИЕВ екі айлық кезінде 745 қоқыс үйіндісінің 545-і жойылғанын хабарлады. 26 көппәтерлі үйлердің жертөлелері суға кеткен күйде қалған. Арнайы автобаза 10 қоқыс жинағыш көлік, 10 вакуум және 1 автогрейдер сатып алған. Алайда қоқысты шығару кестесі бұрынғыша сақталмай отыр.

Екі айлық қорытындысы бойынша қалалық әкімдіктің  құрмет грамотасымен «Атырау су арнасы» КМК директоры Андрей ТАШЛЫКОВ, «Бәйтерек алаңы» ПИК-інің төрағасы Тілеуғали СӘМЕНОВ, қалалық білім беру басқармасының бастығы Қайрат ҚАБИЕВ және басқалар марапатталды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

30 қараша 2012, 18:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.