Атырау, 22 қараша 20:26
 ашықВ Атырау +2
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Президент Кэтрин Эштонмен кездесті

1 620 просмотра

АСТАНА. 30 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Еуропалық одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі әрі Еурокомиссияның вице-президенті Баронесса Кэтрин Эштонмен кездесті.

Кездесуден кейін БАҚ өкілдеріне сұхбат берген мәртебелі мейман:  «Біз Қазақстанмен әріптестік және ынтымақтастық келісімі аясындағы  байланыстарымызды одан әрі кеңейтуге және дамытуға мүдделік танытамыз. Бұл келісім осы өңірдегі алғашқы кеңейтілген құжат болмақ»,-  деді ол.

Оның атап өтуінше, пікір алмасулар барысында экономикалық және сауда-саттық қарым-қатынастарға баса назар аударылды. Бұл ретте Еуропалық одақ Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру үдерісіндегі барлық келіссөздеріне толықтай қолдау көрсетуде. «Біз Қазақстан мен Еуропалық одақ арасында тығыз әрі терең экономикалық байланыстардың орнап отырғандығын мойындаймыз. Сонымен қатар біздер осы өңір аясындағы қарым-қатынастар төңірегінде сөз қозғадық. Мен Президенттің өңірлік ықпалдасуға шақыруын толығымен қолдадым. Біз сонымен қатар Еуроодақтың Орталық Азия бойынша стратегиясынның және біздердің бірлескен жұмыстарымыздың  маңыздылығын талқыладық», - деді К.Эштон.

Оның атап өтуінше, Еуропа одағы Қазақстанның Орталық Азия өңіріндегі маңыздылығын терең түсіне отырып, тығыз байланыста бірлесе жұмыс істеуге ниетті.

Дереккөз: inform.kz

30 қараша 2012, 15:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.