Палестинаның Біріккен Ұлттар Ұйымындағы «бақылаушы ұйым» болған дәрежесі «мүше болмаған бақылаушы ел» дәрежесіне көтерілуін бекітті.
Біріккен Ұлттар Ұйымы Жалпы Кеңесінде өткізілген дауысқа салуда 138 ел «иә» деген дауыс қолданса, 41 ел қалыс қалды және 9 ел «болмайды» деген дауыс қолданды.
«Болмайды» деген дауыс қолданған елдер Америка Құрама Штаттары, Израиль, Канада, Чех Республикасы мен Тынық Мұхитта орын алған және экономика жағынан АҚШ-қа қарасты Маршалл Аралдары Республикасы, Микронезия, Науру және Палау Республикасы болды.
Палестина Елбасы Махмуд Аббастың баяндамасы ду қол шапалаққа ие болды. Аббас Палестина халқының бүгінге дейін зардап шеккенін, бірақ күресу жолында табанды екенін білдіріп, Палестина халқына енді мемлекетіне ие болу қақының берілуі керектігін дәріптеді.
Сыртқы істер министрі Ахмет Дауытоғлұ сөз кезегінде 65 жылдан бері әлемнің Палестина халқының өз еліне ие болу қақына көздерін жұмғанын дәріптеп, Палестинаның мемлекет болу қақын қабылдамағанын және тойтарыстың да ахлактық, саяси, заңдық бір негізінің болмағанын баяндады.
Дереккөз: trtkazakh.com