Атырау, 22 қараша 12:45
 ашықВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Мысырда Конституцияның соңғы нұсқасы мақұлданды

1 643 просмотра

Мысырда елдің жаңа конституциясының соңғы жобасы мақұлданды. Бұл жөнінде конституциялық ассамблеяның басшысы Хосам әл-Герияни мәлімдеді, деп хабарлайды РБК, Reuters-ке сілтеме жасап.

Енді жоба бекіту үшін Мысыр президенті Мохаммед Мурсиге жіберіледі, бұдан кейін референдум өткізіледі.

Хабарланғандай, жобаны талқылау 19 сағатқа созылды. Бұл ретте М.Мурси конституцияның алғашқы нұсқасын дайындау мерзімін 2013 жылғы ақпанға дейін ауыстырғандығы атап айтылады, алайда ол қазірдің өзінде дайындалып болды.

Жаңа конституция, атап айтқанда, Мысыр президенті өз лауазымында төрт жылдан екі мерзім бойы отыра алатындығын белгілейді. Елде сондай-ақ президент басқаратын ұлттық қауіпсіздік кеңес құрылады, оған үкіметтің негізгі тұлғалары, оның ішінде премьер-министр, қорғаныс министрі және барлау басшысы кіреді.

Сонымен қатар кейбір баптар алдыңғы конституциямен салыстырғанда өзгеріссіз қалды: осылайша, елдегі мемлекеттік дін ислам болып танылды, ал заңнаманың негізін шариғат қағидалары қалайды.

Дереккөз: bnews.kz

30 қараша 2012, 14:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.