Атырау, 23 қазан 02:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +8
$ 484.19
€ 524.28
₽ 5.03

Швейцарияның прокуратурасы Храпуновтар отбасына қарсы қылмыстық іс қозғады

1 796 просмотра

АСТАНА,  30  қар– Қазақстан жаңалықтары АА. Швейцарияның прокуратурасы  Қазақстанда қылмыстық топ құрды деп айыпталушы Алматының бұрынғы әкімі Виктор Храпунов және оның отбасына қарсы қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды швейцариялық  RTS телеарнасы.

«Қазір Храпуновтардың  Credit Suisse және Schroder & Co Bank AG –тағы банктік құжаттары тәркіленді. Храпунотартар Швейцарияға бірнеше жыл бұрын қоныс аударған, алайда отағасына алдағы уақытта 300 миллион швейцариялық  франктан астам  байлығының қайдан келгенін түсіндіруге тура келеді»,- деп келтіреді Forbes.kz  телеарнаның хабарламасын.

БАҚ  мәліметінше, Қазақстан билігінің Швейцарияға ағымдағы жылғы көктемде жіберген құқықтық көмек көрсету туралы өтініші негізінде қылмыстық іс қозғалған.

Дереккөз: newskaz.kz

30 қараша 2012, 14:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.