Атырау, 22 қараша 19:41
 ашықВ Атырау +2
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Алматы облысында Ми-8 тікұшағы құлаған жерде барлық 8 жолаушының денелері табылды

1 832 просмотра

АСТАНА,  29 қар– Қазақстан жаңалықтары АА. Алматы облысында Ми-8 тікұшағы құлаған жерде барлық 8 жолаушының денелері табылды, деп хабарлайды  бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі.

24 қараша күні Алматы облыстық ТЖД-нің кезекшілік бөліміне Алматы облысының Алакөл ауданындағы ұшу-қону алаңынан көтерілген МИ-8 тікұшағының жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. «ЕуроАзияЭйр» АҚ-ның жезқазғандық филиалының иелігіндегі тікұшақты «Қазақстандық-қытайлық құбыр желісі» ЖШС Атасу-Алашаңқой мұнай құбырын әуеден қарау үшін жалға алған. Оның ішінде экипажбен бірге 8 адам болды.

Бейсенбіде жоғалған тікұшақтың бөліктері Алматы облысының Үшарал қаласынан 90-95 шақырым аудандағы Достық стансасына қарай, Достық-Үшарал тас жолының сол жақ беті бойынша 5-7 шақырым жерде, Алакөл көлінен 15-20 шақырым жерде табылғаны анықталды. Бортта болған барлық сегіз адам қаза тапты.

Құлау кезінде тікұшаққа елеулі зақым келген, оның тек артқы бөлігі ғана бүтін қалды.

«Сағат 18.30 –да оқиға орнынан қаза тапқан алты адамның мүрдесі табылды, біраз уақыттан кейін тағы екі адамның денесі табылды.  Іздеу жұмыстары жалғасуда», - деп хабарлайды ТЖМ-нен.
Оқиға орнында тікұшақтың құлау және жолаушылар мен экипаж мүшелерінің қаза табу себептерін анықтайтын тергеу-жедел тобы және авиация  саласының мамандары жұмыс істеуде.

Дереккөз: newskaz.kz

30 қараша 2012, 10:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.