
Мьянма халқынан маза кетті. Үкімет Монива қаласының оңтүстік батысындағы мыс өндіретін зауытты кеңейту мақсатында елдімекен тұрғындарын өзге жерге қоныс аударуға мәжбүрлеп отыр.
Ал жергілікті халықтың айтуынша, мыс өндіру зауыты ауаны ластап, өкпені бітеп, көзді ашытып бітті. Халық ереуілі тәртіп сақшыларымен қақтығысқа ұласты. Ашынған жұртты тарату үшін полиция сақшылары су атқыш пен көзден жас ағызатын газ қолдануға мәжбүр болды. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, теке тірестен ондаған адам түрлі жарақат алып, алты адам тұтқындалды. Зауыттың маңындағы лагерьлер өртеніп, бірнеше адамды күйік шалды.
Дереккөз:24 KZ