Атырау, 26 желтоқсан 15:35
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Қаза тапқан шекарашы Талғат Сәрсенбаевтың анасы Челахтан 10 млн. теңге талап етуде

2 422 просмотра
ТАЛДЫҚОРҒАН. 29 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін басты сот отырысы барысында «Арқанкерген» уақытша бекетінде қаза тапқан шекарашы Талғат Сәрсенбаевтың анасы Төкен Сәрсенбаева қызметтестері мен «Тау Тас» аңшылық шаруашылығының қорықшысын өлтірді деп айыпталып отырған сотталушы Владислав Челахтан 10 млн. теңге көлемінде моральдық және материалдық зиянды өтеу жөнінде арыз берді.

Талғат Сәрсенбаев Алматы облысындағы Алакөл ауданына қарасты Еңбекші кентінде көпбалалы отбасында дүниеге келді. Оның анасы Төкен Сәрсенбаева сегіз баланы дүниеге әкеліп, өсірді. Жылдың басында 28 жастағы шекарашы үйленген еді, оның зайыбы Әсел оның өлімінен кейін дүниеге бала әкелді.

Т.Сәрсенбаевтың жерлесі - келісім-шарт бойынша қатардағы жауынгер Рүстем Ақылбаев Тәуелсіздіктің құрдасы, ол 1991 жылдың желтоқсанында дүниеге келді. Оны өсірген әжесі Рүстемді өз ұлындай көрді. «Ол Отаны үшін қаза тапты, енді ол - бүкіл Қазақстан халқының баласы», - дейді Биаш Әбдікәрімова.

Дереккөз: ҚазАқпарат

29 қараша 2012, 16:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.