Атырау, 22 қараша 20:15
 ашықВ Атырау +2
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Каддафи Назарбаевқа мұсылмандық ядролық бомба туралы хат жазған

2 501 просмотра

АСТАНА, 29 қарҚазақстан жаңалықтары АА. БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Қасым-Жомарт Тоқаев Ливияның бұрынғы басшысы Муаммар Каддафидің Назарбаевқа мұсылмандық ядролық бомба туралы ұсыныспен жолдаған хатын жариялауды ұсынады. 

"Жас мемлекеттің қалыптасу тарихында бірқатар маңызды эпизодтар есте сақталып қалды. 1992 жылдың басында Сыртқы істер министрлігіне дипломатиялық арналар арқылы Қазақстан Президентінің атына Ливия революциясының көсемі Муаммар Каддафиден хат келді, онда еліміздің аумағында оның жазуынша, «алғашқы мұсылмандық атом бомбасы» делінетін ядролық арсеналдарды сақтау ұсынылған болатын.  Бұл ретте, оны ұстап тұру үшін Каддафи хатында көптеген миллиард доллар көмектер бөлінетіні де уәде етілген", - деді Тоқаев алғашқы Назарбаев оқуларының барысында.

"Мұрағаттарда сақталып отырған хаттың мәтінін, замандастарымыз және болашақ саясаткерлер мен ғалымдардың сол қиын қыстау уақыттың динамикасын дұрыс түсіне алуы үшін  жария ету дұрыс болар еді", - деп санайды ол. 

"Кез келген жауапсыз саясаткер үшін осындай бай мемлекеттер тарапынан жасалған мұншалықты жомарт ұсыныстар  әлдеқайда тартымды көрінуі мүмкін еді. Бірақ нағыз мемлекет қайраткері қарапайым саясаткерден әлдеқайда ерекшеленеді, олар кез келген мәселені қазіргі конъюнктуралы санатпен ойламайды, ал стратегиялық тәртіп түсінігін басшылыққа алады", - деді БҰҰ Бас хатшысының орынбасары.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА

29 қараша 2012, 16:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.