Атырау, 8 қазан 20:16
 бұлттыВ Атырау +14
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Челах ісі: Сот отырысында айыпталушы да, жақтаушы да жоқ

2 534 просмотра

«Арқанкерген» шекара заствасында 14 шекарашы мен 1 қорықшыны өлтірді деп айып тағылып отырған Владислав Челах сот процесінің адвокатынсыз жалғасуына қарсылық білдірді, деп хабарлайды BNews.kzтілшісі.

«Мен сот процесінің адокатым Сәрсеновтің қатысуынсыз жалғасуына қарсымын. Адвокат Естияров іспен толық таныс емес», - деген В.Челахтың қарсылығына қарамастан судья сот процесі жалғасатынын мәлім етті.

Владислав Челах сот шешімін тыңдаған соң, залдан кетіп қалды.

Судьяның бұл шешіміне Челахтың екінші адвокаты Серік Естияров та қарсылық танытқанымен, судья оның да талап-тілегін қанағаттандырмады.

«Мен сот процесін кейінге қалдыру туралы талап-тілек білдірпемін. Сәрсенов Алматыға дейін қандай көлікпен кеткенін білмеймін. Өздеріңіз көргендей, ол сот залында ауырып кетті. Бірнеше күнде келуі керек. Мен іспен толық таныс емеспін. Сондықтан сот процесін кейінге қалдыруыңызды сұраймын», - деді екінші жақтаушы.

Алайда судья Ахметжанов оның талап-тілегін қанағаттандырмастан, сот отырысын жалғастырды.

Дереккөз: bnews.kz

29 қараша 2012, 14:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.