Петр ФРАДКОВ.АСТАНА. 29 қараша. ҚазАқпарат - Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі ресейлік агенттігі (ЭКСАР) қазақстандық нарыққа шығып, ресейлік кәсіпкерлердің жобаларына сақтандыру кепілдігін беретін болады.
Бұл туралы бүгін Астанада ресейлік экспортер-компаниялардың қатысуымен өтіп жатқан жиында агенттіктің бас директоры Петр Фрадков мәлім етті.
Оның хабарлауынша, қазіргі кезде ЭКСАР агенттігі Қазақстандағы 146 млн. доллардың 7 жобасына сақтандыру кепілдігін беріп отыр. Оның ішінде көлік құрастыру, электроэнергетика және тағы басқа салалар бар. Агенттік басшысы атап көрсеткендей, Ресейдің Экономикалық даму министрлігінің қолдауымен құрылған ЭКСАР агенттігі экспортқа шығатын орыс компанияларының саяси және экономикалық қауіп-қатерлерін болжап, олардың несиелеріне сақтандыру кепілдігін беріп тұрады.
«Биылдан бастап біз Ресей Федерациясының Экономикалық даму министрлігімен бірлесе отырып, Бразилия, Үндістан және Қазақстанның нарығына шықтық», - дейді П.Фрадков.
Дереккөз: inform.kz