АЛМАТЫ. 29 қараша. ҚазАқпарат - Алматы қаласындағы Мамандандырылған қаржы сотында БТА Банкке қатысты басталған қайта құрылымдау үдерісі Қырғызстан аумағында мақұлданды.
Бұған банк 15 қарашада Бішкек қаласының ауданаралық сотының шешіміне сәйкес қол жеткізді. Ол Қырғыз Республикасының аумағында келесі әрекеттердің орындалуын қамтамасыз етеді: қайта құрылымдалатын қаржы міндеттемелері бойынша банкке қатысты сот шешімдерінің орындалуын тоқтату; осындай қаржы міндеттемелері бойынша банк кредиторларының талаптарының банкпен орындалуын тоқтату; Қырғыз Республикасында банктің активтерін өндіріп алу айналысына тыйым салу.
Осы қолдау банктің қайта құрылымдау үдерісінің жалғасымды бөлігі болып табылады. Қырғыз сотының аталмыш шешімі банктің қайта құрылымдауды тану туралы өтінішін 11 шілдеде Ұлыбритания, 16 тамызда АҚШ, 31 тамызда Украина, 15 қазанда Ресейдің мақұлдауынан кейін өз жалғасын тапты.
Дереккөз: inform.kz