Египетте сот «Мұсылман пәктігі» фильмінің авторларын өлім жазасына кесті. Ел сыртында тұратын жеті египеттік христиан-копт мұсылмандарды қорлайтын фильмді түсіргені және таратқаны үшін айыпты деп танылды, деп хабарлайды CNN.
Жазаға тартылғандардың арасында – 55 жасар Египет тумасы, қазіргі АҚШ азаматы, картинаның продюсері Марк Бассели Юсеф бар. Бұған дейін қарашада мерзімінен бұрын босату талаптарын бұзғаны үшін ол Калифорнияда бір жылға бас бостандығынан айырылған болаты, деп жазады РБК.
Қыркүйекте жарыққа шыққан «Мұсылман пәктігі» фильмі бірнеше оқиғаның себепкері болды. Бірқатар мұсылман елдерінде антиамерикалық ереуілдер өтіп, көптеген қалаларда оның соңы қарулы қақтығыстарға ұласып жатты. Атап айтқанда, мұндай оқиға Пәкістанда, Йеменде және Ливияда орын алды. Бүкіл әлемге тараған наразылық шарасы салдарынан ғқ-ден астам адам қаза тапты, солардың қатарында Ливиядағы АҚШ елшісі Кристофер Стивенс те бар.
Мұсылмандарды қорлайтын фильмнің трейлері жүктелген YouTube сайтына Пәкістанда, Ауғанстанда, Бангладеш пен Суданда тұсау салынды. Үндістан, Египет, Ливия мен Малайзияда видеоның көзі құртылды. Иранда фильге қарсы наразылық шарасы ретінде Google іздеушісі мен Gmail поштасына тұсау салынды. Ресей мен Қазақстанда фильм экстремистік деп танылып, оны көрсетуге заңмен тыйым салынды.
Дереккөз: bnews.kz