Атырау, 11 желтоқсан 02:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Оларға «Шапағат нұры» қолдау болсын

4 287 просмотра

Облысымызда ұйымдастырылған мүгедек балалар жұмысының көрме-сайысы«Шапағат нұры» деп аталды.

Интернат пен пәтерлердің қабырғалары оларды физикалық тұрғыда шектегенімен, олардың қиялдарына еш нәрсе кедергі емес. Балалар айналасындағы әсемдікті көре алады, қарапайым заттардан: макароннан, майлықтардан, әйнек сынықтары мен жаңғақ қабықтарынан, моншақтардан және т.б. нәрселерден керемет бұйымдар жасай алады. Қағаз бетінде көңілді аңдар, әдемі гүлдер мен сырлы көріністер тұна қалады.

Бір ай бұрын жарияланған сайысқа «Сурет өнері» және «Қолданбалы өнер» номинациялары бойынша 92 қатысушыдан 150-ден астам жұмыс түсті. Әсіресе, Құрманғазы мен Мақат аудандарының балалары белсенді қатысты.

«Сәндік-қолданбалы өнер» номинациясы бойынша Ганюшкино мектеп-интернатының 7-сынып оқушысы, нағыз шебер, керемет гобелендерді дүниеге әкелген Үмітханым ДІЛМҰХАНОВА бірінші орынды иеленді. Екінші орын атыраулық Сымбат БАҒЫТҚА бұйырды, үшінші орынды Мақат ауданынан келген Амангелді МҰХТАРОВ пен атыраулық Аяжан ТӨЛЕПБЕРГЕНОВА бөлісті.

«Сурет өнері» номинациясында бірінші дәрежелі дипломға тағы да Құрманғазы ауданының өкілі Серікжан НАЗЫМБЕКОВ ие болды, екінші орынды Исатай ауданынан Рысбек ЖҰМАЕВ алып, үшінші орынды Қызылқоғаның балғын суретшісі Асманта АРДАҚҚЫЗЫ мен Мақаттан Арина САЛЫҚОВА бөлісті. Қалған қатысушылар жас суретшілер үшін қажетті гуаштар, бояулар, түрлі-түсті қарындаштар және т.б. заттарды сыйлықтарға ие болды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

28 қараша 2012, 20:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.