Атырау, 29 қараша 13:48
 ашықВ Атырау -2
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Алпысыншы жылдар естен кетпейді...

2 941 просмотра

«ЖС» мәліметі:  Юсуп Якубович Закерьяев, 62 жаста, «Строитель» және «Прикаспиец» командаларының жетекші ойыншысы, «Атырау» футбол клубының дайындық тобының жаттықтырушысы.

Атырау футбол тарихына тағы бір көз жүгіртсек, сонау 1965 жылдары «Строитель» командасы дене тәрбиесі ұжымдары арасында өткен республикалық чемпионатта бірінші орын алған болатын. Сол кездегі жергілікті футбол қандай деңгейде болды? Бұл туралы бізге футбол ардагері Ю.ЗАКЕРЬЯЕВ әңгімелеп береді.

«БЫЛҒАРЫ ДОП» ЕСІМНЕН КЕТПЕЙДІ

– Мен футболмен айналысуды 1962 жылы «Нефтяник» стадионында бастадым. Алдымен Юрий Григорьевич Закорецкийде, кейін Роман Тхоирович Лиде жаттықтым. 1965 жылы біздің команда бірінші рет Алматыға мектеп оқушыларының спартакиадасына барды. Ал, 1966 жылы республикада алғаш рет «Былғары доп» (Целиноградта) турнирі өтті. Жас футболшыларды «Москва» қонақ үйіндегі паркетті едендері, телефоны және ағаш кереуеттері бар нөмірлерге орналастырды. Сол жылдарда біз мұндайды көрмек түгілі, естіген де емес едік. Ұйымдастырушылар қатысушылардың әрқайсысына сол кезде көптің қолы жете бермейтін теңбіл допты сыйға тартты. Барлық баланың қуанышында шек болмады, ойынды өздеріне қанат біткендей ойнады. Сол жылы біз 15 команда қатысқан жарыста 7-ші орынды иелендік. Кейін мен Гурьев мұнай өңдеу зауытының «Нефтяник» командасы үшін ойнадым. Маңғыстау облысы сол кезде біздің құрамда болды. Облыс біріншілігіне Жаңаөзеннен «Нефтяник», Шевченкодан «Автомобилист» командалары келді. Жергілікті «Аэропорт» командасы мықты болды, олардың капитаны Александр Карпов болатын.

 

АЛТЫН УАҚЫТ

Сол кездегі Атыраудың ең таңдаулы ойыншысы Владимир Власов болды. Ол Грузияның тумасы болатын. 1956-1960 жылдары Шевченко қаласында «Гурьев-20» деп аталатын өте мықты команда болды. Командада Кеңестік Одақтың түкпір-түкпірінен келген бозбалалар болды, олар жабық қала болып есептелетін Шевченкода әскери борыштарын өтеп жүрді. Власов әскерге дейін Тбилисидің «Динамосында» ойнады. Әскер қатарында жүріп, жергілікті қызға үйленіп, Гурьевте тұрып қалды. 1965 жылы осы Владимир капитан болатын «Строитель» командасы Қазақстан футбол клубтары арасында Қазақ КСР чемпионы атанды. Бұл кезең Атырау футболы үшін алтын уақыт еді. Власов қорғаушы болып есептелетін, бірақ ол алаңда өз орнын ауыстырып, кез-келген нүктеден гол соға алатын. Меніңше, оның есімі Атырау футбол тарихында аңыз болып қалады. 1972 жылы «Гурьевнефтехимстрой» тресінің базасында тарихта екінші «Строитель» командасы құрылды. Власов онда ойнаушы-жаттықтырушы болды. Бұл команданың құрамында мен де ойнадым. Біз, тіпті, Гурьев облысы кубогінің жүлдегерлері болдық. Қазақ КСР кубогінде жартылай финалға дейін жеттік. Бірақ, онда Теміртаудан келген командадан 1:4 есебімен жеңіліп қалдық.

1973 жылы біз «Б» тобының командалары арасында болған чемпионатқа қатысу құқығына ие болдық, бұған бірінші «Строитель» қол жеткізе алмаған болатын. Жергіліктілердің арасында Белоруссиядан келген бір ғана легионер Валерий Гранатов болған командаға кәсіпқойлармен ойнау оңайға түспеді. Сол кезде «Строитель» құрамында В.Власов, мен, Николаев Беляев, Виктор Герасимов, Серик Қуанғалиев, Сайын Шапабаев, Серік Сәрсенбаев, Қанат Ғалямов, ол айтпақшы, 1972 жылы Қазақ КСР-ның ең үздік жартылай қорғаушысы атанды, Юрий Хохлачев, қақпашы Владимир Рабинок, Евгений Яшков, Рашид Бекбаев және Марат Молдашев ойнады.

Команда 1973-1974 жылдары да ойнауды жалғастырды. 1975 жылы ол чемпионаттан қаржылық мәселеге орай шыңып қалды. Ал, 1978 жылы «Прикаспиец» командасы құрылып, бұрынғы «Строитель» командасының кейбір ойыншылары осы командаға келді.

 

БАЛАЛАР ФУТБОЛЫ БАР

Қазір мен «Атырау» футбол клубының дайындық тобында 1994-1995 жылдары туған балаларды жаттықтырамын. «Атырау» командасының қосалқы құрамына Миржан Купиев, Данияр Жардемов және Бекет Сәрсенғалиев ауысады. Сөзсіз, тағы да біреулер қалады, бірақ, олардың есімдері жаңа жылдан соң жаттығу жиындарында белгілі болады.

Қазақстан футбол федерациясы барлық футбол клубтарына еліміздің чемпионатына 5 жас ерекшеліктеріне қарай дайындық топтарының командасын жіберуді міндеттеді. Менің ойымша, бұл керемет.

 

ОЙЫН АЛАҢДАРЫ КЕРЕК

Менің пікірімше, «Мұнайшы» стадионындағы қазіргі бассейн алдында автокөліктер тұратын орынды қосымша футбол алаңы үшін қайта қалпына келтіру керек сияқты. Бұрын бұл жерде көлемі 90-да 45 метр болатын жақсы футбол алаңы болды. Әрине, ол стандартты емес, бірақ, балалардың жаттығуы үшін жарап қалатын. Осы алаңда балаларды мен, Асқар Балашов және Александр Лобашов жаттықтырды. Жақсы деген футболшылар осы алаңнан өсіп шықты. 5 жас ерекшеліктері бойынша іріктелетін топ үшін «Судоремонтник» стадионындағы алаң жетіспейді. Стадион басшылығының осы алаңды қайтадан қалпына келтіруді қалалық биліктен сұрап отырғанын мен білемін. Соған көмек беру керек деп ойлаймын.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ және Ю.Я.Закерьяевтің мұрағатынан алынды

«ЖС» мәліметі: Юсуп Якубович Закерьяев, 62 жаста, «Строитель» және «Прикаспиец» командаларының жетекші ойыншысы, «Атырау» футбол клубының дайындық тобының жаттықтырушысы.

28 қараша 2012, 20:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.