Атырау, 23 сәуір 13:12
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Көліктер аудандарға беріледі

1 652 просмотра

28 қарашада «ЭксонМобил Казахстан Инк.» компаниясы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасына 10 санитарлық «УАЗ» және бір «Нива» автокөліктерінің кілттерін табыстады.

Кілт тапсыру салтанатында сыйға берілген барлық техника облыс аудандарына үлестірілетіндігі айтылды. Олар сол жерлерге өте қажет: бүгінде ауылдық жерлерде «жедел жәрдемнің» бір машинасы елді мекеннен 20-дан 200 шақырымға дейінгі қашықтықта тұратын мың адамға дейін қызмет көрсетеді екен.

Көліктер Құрманғазы, Қызылқоға, Индер және Махамбет аудандарының орталық ауруханалары, Махамбет ауданаралық туберкулезге қарсы емханасы мен Жылыой аудандық емханасына, Геолог ауылының емханасына, сондай-ақ, облыстық аурухананың санитарлық авиациясына, балалар емханасы мен қалалық №3 емханалардың балансына берілді.

Айтолқын ҚҰЛШАРОВА

Суретті түсірген автор

28 қараша 2012, 20:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.