Рио-де-Жанейрода жүздеген адам бас көтерді. «Мұнайдан түсетін кірісті бөлуге қатысты» Заңға енгізілген өзгерістер халық толқуына түрткі болып отыр.
Бірақ жұртшылық наразылығын шерумен емес, самбо биімен көрсетті. Жалпы ағымдағы айдың басында ел Парламенті мұнай табысын штаттар мен өндірушілер арасында әділ бөлу туралы заңға енген өзгерістерді қолдаған еді. Сонымен қатар, мұнай компанияларының салығы 5%-ға өскен болатын. Алайда мұнайшылар өз табыстарымен бөлісуден бас тартып, 2 млрд АҚШ доллар шығынға ұшырайтындықтарын айтып отыр. Мамандар елдегі шиеленістің 2014 жылы өтетін әлемдік футбол Чемпионаты мен 2016 жылғы Олимпиадалық ойындары дайындығына кедергі келтіруі мүмкін, дейді.
Дереккөз: 24 KZ