Атырау, 22 қараша 12:24
 ашықВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Сидней жағалауы алқызыл түске боялды

2 562 просмотра
Сидней жағалауы алқызыл түске боялды

Австралияда ерекше құбылыс. Ел астанасы Сидней жағалаулары алқызыл түске боялды.

Бұл құбылысқа мұхит түбіндегі балдырлардың гүлденуі себеп болып отыр. Мамандар «мұндай ерекше көрініс, тек бірнеше сағатқа созылады»,- ейді. Қызыл су демалушыларға қауіп төндірмейді. Дегенмен, адам терісінде балдырлардан бөртпе пайда болуы мүмкін. Сондықтан жергілікті билік бірнеше жағажайларды жабуды жөн санады. Олардың қатарында туристердің сүйікті жері атақты Бонди жағажайы да бар. Дегенмен, ескертуге құлақ аспай, суға түсіп жүргендер де табылуда. Ал суретшілер ерекше кадрларды түсіріп алуға асық.

Дереккөз: 24.kz

28 қараша 2012, 18:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.