Атырау, 25 қараша 02:29
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Аруақтар пирамидаға қатыспайды

2 831 просмотра

Қазақстанда қызмет етуге тыйым салынған «Ата жолы» діни бірлестігінің қолдаушысы науқас жандарға олардың кеселдерін Жамбыл Жабаевтың аруағымен емдеймін деп уәде еткен. Өз кезегінде, Атыраудың әкімшілік соты ол әйелдің заңсыз бизнеспен айналысып жүргендігін айыппұл арқылы еске салуды ұйғарыпты.

Қарақалпақстанның тумасы, Құлсарыға тіркелген емші әйел Атырауға, оның айтуынша, өз миссиясын орындауға – адамдарды емдеу үшін келген.

- Бұл әйел 2009 жылы қызмет етуге тыйым салынған «Ата жолы» ұйымын қолдаушы боп табылады. «Ата жолы» өз қызметін 1997 жылы «Ақ жол» деген атаумен бастаған. Кейін «Ата жолы» деп өзгертіліп, 2001 жылы Алматыда коммерциялық ұйым (ЖШС) ретінде тіркелген, - дейді Атырау прокурорының көмекшісі Жалғас КЕЙКЕШЕВ.

Бұл ЖШС Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі қасиетті жерлерді аралау сапарын ұйымдастырып, ата-бабалардың аруағымен байланысу арқылы емдейміз деп, ем жүргізген. «Ата жолына» коммерциялық сипаттағы қызмет жасағаны үшін тыйым салынды.  Сол кезде тергеу барысында оның негізгі қаржылану көзі - оны қолдаушылардың «қаржылық пирамида» принципі бойынша міндетті ақшалай салым салу болғандығы анықталды. Ағымның әрбір мүшесі жаңа қолдаушыларды көбірек тартулары тиіс болған.

Атырауда айыппұл салынған емші әйел тыйым салынған «Ата жолына» қатысы бар екенін мойындады, мұны оның Оңтүстік Қазақстанға емдік-коммерциялық турларының бейнематериалдары да растады. Атыраудағы жалға алған пәтерінде ол қамшы, асатаяқ, майшам және тіпті Жамбыл Жабаевтың портретін пайдаланып, емдеу сеанстарын өткізген. Оның көзқарасынша, ол ақынның аруағына сыйынады екен, ал ол адамдарды емдеуге көмектесетін көрінеді.

Атырау прокуратурасы әкімшілік іс өндірісін қозғады, ал Атырау мамандандырылған әкімшілік соты 50 АЕК (80 900 теңге) мөлшерінде айыппұл салды.  Әйел сот шешіміне шағымданған жоқ, шамасы айыппұл мөлшері оны қорқытпаған секілді. Өз сеанстары үшін оның қанша ақша алатыны белгісіз, емші әйелдің өзі адамдардың садақа беретінін – өзіне адамдардың бергенін ғана алатынын растады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

28 қараша 2012, 17:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.