Атырау, 25 қараша 02:48
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Дәукенов пен бірқатар тұлғаларды қамауға алу санкциясы ұзартылды

2 012 просмотра

Атырау облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Болат ДӘУКЕНОВТІ (суретте), облыстық қаржы басқармасының бұрынғы бастығы Бауыржан ЖАНТЕМІРОВТІ, бұрынғы қала әкімі Асқар КЕРІМОВТІ және бюджет қаржыларын ұрлау фактілері бойынша атышулы істің басқа да тұлғаларын қамауға алу санкциясы тағы бір айға ұзартылды.

Естеріңізге салсақ, шенеуніктер ҚР ҚК-нің 4-бөлімінің 307-бабы («ауыр зардаптарға әкеп соққан не ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық қауымдастықтың мүддесінде қызмет өкiлеттігін терiс пайдалану») бойынша айыпталған болатын. Істе мемлекет меншігіндегі – халық арасында «аппендикс» деп аталатын облыстық әкімдіктің жалғамасы мен «Атырау-Ақпарат» КМК ғимаратын төмендетілген құнмен сату, есептен шығарылған «Гурьев-Мақат» су құбыры желісін, «ОблТрансГаз» КМК газ құбырлары мен құрылғыларын және басқа да мүліктерін мемлекетке 7 млрд теңгеден астам сомада зиян келтіріп, заңсыз жеке меншікке айналдыру фактілері көрініс тапқан.

Бейресми ақпарат бойынша, шенеуніктерге қатысты санкция қарашаның басында ұзартылыпты.

«Мемсараптама» РМК филиалының директоры Тұрланбек ЖИЕНБАЕВТЫ, «Арқайым-2005» ЖШС директоры Александр КУЗЕМАНЫ, «СтройКонтрактГрупп» ЖШС директоры Азамат ҚҰРМАНТАЕВТЫ, «АНиТА Консалтинг» ЖШС директоры Татьяна ШАРЫПКИНАНЫ қамауға алу санкциясы да осындай мерзімге ұзартылған (барлығына да 176-баптың 3-тармағы, «б» тармақшасы: «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету» бойынша айып тағылған).

Алдын-ала тергеу материалдарына сәйкес, Ақтөбе қаласының 48 жастағы тұрғыны Т. Шарыпкина ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында Атырау облыстық әкімдігінің жауапты лауазымды тұлғаларымен және бірқатар коммерциялық құрылымдардың басшыларымен бірге облыстық және республикалық бюджеттен мемлекеттік қаржыны ұрлауға қатысқан деген күдікпен ұсталып отыр.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

28 қараша 2012, 16:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.