Атырау, 22 қараша 19:44
 ашықВ Атырау +2
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Саяси мемлекеттік қызметшілер саны 8 есеге қысқарады - Назарбаев

1 993 просмотра

АСТАНА, 28 қар– Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстанда саяси мемлекеттік қызметшілер саны 8 есеге қысқарады, арнайы ұлттық комиссия кадрлық резервке кандидаттарды іріктейтін болады  деп  мәлімдеді  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

«Саяси мемлекеттік қызметшілердің саны 8 есеге қысқарады және мемлекеттік органдардың басшысымен оның орынбасарлары ғана қалады. Министрдің, жауапты хатшының, әкімнің, аппарат жетекшісінің өкілеті нақты шектеледі»,-деді   барлық деңгейдегі әкімдермен өткізген кеңейтілген мәжілісте Назарбаев.

«Мемлекеттік қызметтің тиімділігі түбегейлі арттырылатын болады. Бұл тікелей сіздерге қатысты, сол үшін кәсіби басқарушылардың корпусы қалыптастырылады»,-деді мемлекет басшысы өз сөзінде.

Бұл ретте Елбасы министрлер мен әкімдер "кадрлық мәселелермен және орталықтан алынатын қаржыны бөлумен айналыспай", салалық саясат пен өңірді дамыту мәселелерімен нақты айналысуы керектігін атап айтты.

Дереккөз: newskaz.kz

28 қараша 2012, 16:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.