Атырау, 23 қараша 19:04
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Көктоғайдың шеберлері

2 465 просмотра

Ауылда жаппай жұмыссыздық орын алғанның өзінде табыс табуға болады. Мұны көктоғайлық Ерсайын ДҮЙСЕНҒАЛИЕВ пен Нұрберген ҚУАНОВ (суретте) дәлелдеп отыр.

Ерсайын Дүйсенғалиев өзінің жолдастарымен бірге ауылда құрылысы тез әрі бағасы салыстырмалы түрде арзанға шығатын қамыс үйлерді салуды қолға алды. Бағасы арзан баспанаға тапсырыс берушілер күн санап артып келеді. Жұмыссыз үйде отырған ауыл тұрғындарына да кәсіп табылды.

- Басында біз ағаштан түрлі бұйымдар жасап келгенбіз. Кейін маған қамыстан үй салуға тапсырыс түсті. Біз ойлана келе, іске кірісіп кеттік, - дейді Ерсайын Дүйсенғалиев.

Одан бөлек, Ерсайын - асыл тұқымды мал өсірумен айналысатын «Ықылас» ШҚ иесі.

- Негізі менің мамандығым – инженер-механик, - деп күледі Ерсайын. Бірақ, мамандығым бойынша жұмыс істеудің жолы болмады. 14 жыл бұрын біздің совхоз ыдырағанда асыл тұқымды мал өсірумен айналыса бастадым. Кейін шаруа қожалығын құрып, ағаш шеберханасын аштым.

Ерсайын Дүйсенғалиев жасаған қамыстан тұрғызылған үй - Қол қусырып қарап отыруға болмайды, - дейді тағы бір көктоғайлық кәсіпкер Нұрберген Қуанов. – Табыс табу мүмкіндігін іздестіру керек. Менің үш балам бар және оларды аш қалдыруға құқым жоқ.

Бұдан бірер жыл бұрын денсаулығы сыр беріп, ота жасатқанымен, жанын күтуге жағдай көтермейді. Ол өзінің жігеріне сеніп, қиындыққа қарамастан аяғына тұрды. Содан бері жұмыссыз болған күні жоқ. Ол күнделікті тұрмысқа қажетті заттарды - қол жуғыш, әжетхана, жеңіл үстелдер, шкафтарды ағаштардан жасайды. Ауыл тұрғындары арасында аула қоршайтын шарбақ көп сұранысқа ие.

Қуанов жуырда «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша өзінің ағаш шеберханасын дамыту үшін несие алуды ойлап отыр.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

28 қараша 2012, 15:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.