Әлеуметтік желіде Атырау мұнай өңдеу зауытының қызметкертлері екі есе қысқартылып, өндіріс қарқыны төмендегені туралы хабарлама тарады. Ресми ақпаратта өндіріске қатысты тұсы ғана расталды.
- Қызметкерлер қысқартылған жоқ. Өндіріс көлеміне қатысты айтар болсақ, жалпы нарықтағы жағдайға байланысты қуаты бәсеңсіді, - дейді «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ қоғамммен байланыс департаментінің директоры Бағлан АЙДАШОВ. - Іскерлік белсенділіктің төмендеуінен сұраныс та азайды, бірақ зауыт штаттық режимде жұмысын жалғастыруда. Шымкенттегі мұнай өндіру зауытында да осындай жағдай.
Павлодардағы үшінші қазақстандық мұнай өңдеу зауытына жеке тоқтала кетейік. Мұнда жоспарлы жөндеу жұмыстарын 25 мамырда басталуы керек еді. Енді ҚМГ ағымдағы жағдайға байланысты жөндеуді бір ай бұрын, яғни 25 сәуірде басталатынын хабарлады.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА