Пандемияға байланысты сақтық шаралары күшейтілген Түркияда онлайн тойлар басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Елде қашықтан ұйымдастырылған қос той Ыстамбұл қаласында өтті. Мутлу мен Пынар сәуір айында шаңырақ көтеруді жоспарлаған. Дәстүрлі қыздың қына кеші мен неке қию рәсімі Измирде өтетін болған. Алайда, коронавирус салдарынан туындаған жағдайға байланысты кейінге қалдырылған. Дегенмен, жастардың 50-ден астам досы өзара ұйымдасып, виртуалды қына кешін жасады. Жастар би билеп, тілек тілеген.
Бір қызығы, қуаныштың даусын естіген көршілері, «сақталуы тиіс арақашықтық бұзылды» деп ойлап, бір топ полицейді шақырған. Сақшылар келіп, онлайн кешті көргенде не дерін білмей, қайтып кетіпті. Ал, жастардың неке қию рәсіміне 2 дос куәгерлері ғана қатысып, қалған 350-ге жуық жақындары әлеуметтік парақшада онлайн түрде тамашалаған.
Блиц 1:
- Коронавирус махаббатымызға тосқауыл бол алмады. Біз тек 2 куәгеріміз бен түрік БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен неке рәсімінде шаңырақ көтердік.
Блиц 2:
- Барлық қауіпсіздік шараларын сақтадық. Әрқайсымыз бетперделер мен дезинфекторларымызды алдық.
Блиц 3:
- Рәсімімізді 300-350-ге жуық туған-туыстарымыз, достарымыз тамашалады. Махаббатқа ешнәрсе тосқауыл бола алмайтындығына көзіміз жетті. Бірақ арақашықтықты сақтауымыз тиіс. Себебі, жақындарымыздың саулығы әрбірімізге аманат.
Дереккөз: «Хабар 24»