Атырау, 26 қараша 06:46
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Чехия шекарасын ашты

3 045 просмотра

Чехия Еуропалық Одақ елдері арасында алғашқы болып шекарасын ашты, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Енді республика тұрғындары емін-еркін шет елдерге шыға алады. Дегенмен жаңа ережеге сай, саяхаттан елге оралғандар екі апталық карантинге жатқызылады немесе вирус жұқтырмағаны туралы анықтама тапсырады. Чехия билігі ел ішінде жүріп-тұруға қойылған шектеуді де алып тастады. 

Бұған дейін тұрғындар тек жұмысқа, дәріхана және азық-түлікке ғана шыға алатын еді. Сондай-ақ бір-екі күнде барлық жоғары оқу орындары ашылады. Айта кетерлігі, осыдан бір апта бұрын ел президенті коронавирус қайталанбас үшін мемлекет әлі бір жылдай оқшаулануда болады деген еді. 

Чехияда соңғы деректер бойынша індетті жұқтырғандар саны 7 мың, ал 214 адам қауіпті кеселден көз жұмды. 

Дереккөз: 24.kz

25 сәуір 2020, 13:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.