Атырау, 18 мамыр 11:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Ливия үкіметі ресейлік жалдамалыларды химиялық қару пайдаланды деп айыптады

3 359 просмотра

Халықаралық қауымдастық мойындаған Ливияның ұлттық келісім үкіметі ресейлік ''Вагнер" жеке әскери тобының сарбаздарын Триполиде химиялық қару қолданды деп айыптады. Бұл ақпаратты Al-Araby Al-Jadeed басылымы жазды. 

Ливияның ішкі істер министрі Фатхи Башагидің айтуынша, генерал Халиф Хафтар жағында соғысып жатқан ресейлік жалдамалылар Триполидің оңтүстігіндегі Салах ад-Дин ауданында жүйкені жансыздандыратын газ қолданған.

Министрдің айтуынша, үкімет күштерінің бірнеше сарбазына снайпер атылғаннан кейін жүйкелері жансызданған. Башага мұндай нәрсе "Вагнер" тобынан басқа ешкімнің қолынан келмейді деп санайды. Al-Araby Al-Jadeed мақалада оқиғаның қашан болғанын жазбаған.

Жақында египеттік журналист Амру Салахуддин Twitter-де Хафтар әскері Салах ад-Динге бомба тастағаннан кейін жерге құлаған бірнеше сарбаздың қалшылдап тыныс ала алмай қалғанын жазған. Бұған дейін екі жақта соғысып жатқан ұшқыштардың бір бөлігі өзге елден келген жалдамалылар екені хабарланған еді.

Al-Araby Al-Jadeed басылымы ливиялық дәрігерге ұқсайтын адамның Twitter-дегі хабарламасына назар аударады. Онда жазба авторы құрамында ақ фосфор бар оқ-дәрінің пайдаланылғаны туралы айтады. Халықаралық конвенцияға сәйкес, елді мекендер маңында мұндай снаряд қолдануға тыйым салынған, бірақ Ливия бұл конвенцияны қабылдамаған.

Ливиядағы азаматтық соғыс 2011 жылдан бері жалғасып келеді. Муаммар Каддафи режимі құлаған соң елдегі фракциялар билікке таласып жатыр. Хафтардың күші елдің шығысын, БҰҰ мойындаған Сарадж үкіметі ел астанасы Триполи мен оның маңайын ұстап отыр.

Сарадж билігін Түркия қолдап, бұған дейін Ливияға әскер жіберген. Хафтарды Египет пен БАӘ қолдайды. Хафтарға Ресейден келген жалдамалы әскерлер де көмектесіп жатыр деген ақпарат тараған. Бірақ мұны Мәскеу жоққа шығарып, екі тарапты да қолдамайтынын мәлімдеді.

Intelligence online сайтының жазуынша, Хафтар әскері советтік қару-жарақтарды пайдаланады. Сайттың хабарлауынша, мысалы, Су-27 ұшағын Мәскеудің мақұлдауынсыз сатып алу мүмкін емес.

Хафтар әскері 2019 жылы сәуір айында Триполиге шабуыл жасап, алайда қаланы ала алмаған.

Ресей билігі "Вагнер" жеке әскери тобының барын жоққа шығарады.

Дереккөз: Азаттық радиосы

24 сәуір 2020, 11:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.