Атырау, 22 қараша 19:49
 ашықВ Атырау +2
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Алматы облысында МИ-8 тікұшағының жоғалуына қатысты қылмыстық іс қозғалды

1 560 просмотра

АСТАНА, 28 қар– Қазақстан жаңалықтары АА. Көліктік прокуратура Алматы облысында МИ-8 тікұшағының жоғалып кетуі фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

МИ-8 бес тәулік бұрын із-түссіз жоғалып кеткен болатын. Содан бері оны іздестіру шаралары жалғасып келеді. «ЕуроАзияЭйр» АҚ Жезқазған бөлімшесіне қарасты тікұшақ 24 қараша күні таңертең «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС Атасу-Алашаңқай мұнай құбырын әуеден бақылау үшін Алакөл ауданындағы нөмірі 11-ші алаңынан аспанға көтерілді. Содан кейін байланысқа шықпаған. Бортта экипажбен бірге 8 адам болды.

Іздеу жұмыстарына төрт топ: ҚР ҰҚК шекара жасағының әскери қызметкерлері, «ҚазТрансОйл» қызметкерлері, «СемсорСекьюрити» ЖШС-нің қызметкерлері және Алматы облыстық ТЖД, сондай-ақ «Қазавиақұтқару» АҚ мен ҚР ҰҚК-нің 2 тікұшағы қатысты. Іздеу жұмыстары әзірше нәтиже берген жоқ.

«Осы орайда кешенді жедел және тергеу шараларын өткізу қажеттілігі туындады. 27 қараша күні Дружбинск қаласының көліктік прокуратурасы «Теміржол, әуе және су көліктерін пайдалану мен қауіпсіздік ережелерін бұзу» фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады», - делінген хабарламада.

Іс өндірісі көліктегі ішкі істер органдарының тергелуіне жолданды. Іздестіру шаралары көліктік прокуратураның жіті бақылауында.

28 қараша 2012, 13:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.